КИЕЛІ МҰРАМЫЗҒА ТАҒЗЫМ
«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалымен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ақтерек» сауықтыру лагеріндегі тынуғышылардың демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында Қорқыт ата кешеніне барып зиярат етіп қайтты.
Балалар саяхат барысында Ұлттық домбыра күніне орай өз өнерлерін тарту етіп, ән салып, күй тартты. Сонымен қатар кешеннің жанында салынған мұражайдағы жәдігерлерді көрген балғындар бұл игі бастаманы ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Саяхат барысында кесененің қызметкерлері жас өрендердің сұрақтарына жауап беріп, Қорқыт атаның тек қана жырау, қобызшы емес, ол әулие, ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ болғандығын айтты. Балалар кешеннің ғылыми қызметкерлерінен қызықты мағлұматтар алды.