Дәрігер-нейрохирург Ш.Оразмаханұлы: «Басын бастасаң, қалғаны соңынан ереді»
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бұл дәрігердің есімі инсульттан аман қалған қызылордалықтардың көпшілігіне таныс. Өзінің кәсіби біліктілігі мен тәжірибелі шеберлігінің арқасында, ол көптеген адамдарды өлім ауызынан құтқарып, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік берді.
Шынжырбай Оразмаханулы – жоғары дәрежелі дәрігер, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау майталманы, облыстық көпсалалы аурухананың нейрохирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, Қазақстанның нейрохирургтар Бірлестігінің мүшесі.
Жоғары дәрежелі маман ретінде, ол әрқашан заманның талабына сай жүреді. Дәрігер нейрохирургия саласындағы жаңашылдықтарды алдымен үлкен қызығушылығымен зерттеп барып, күнделікті тәжірибесінде сәтті қолданады. Біз өз сұхбаттасушымызды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың еңгізілуі денсаулық сақтау жүйесі мен азаматтарымызға қандай пайдасын тигізетіні туралы өз пікірін білдіруін өтіндік.
- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесі толық күшіне енеді. Бұны дәрігерлер ортасында қалай қабылдайды және қандай нәтижере күтесіз?
- Бұл реформы біз үлкен өзгерістер күтудеміз. Көпсалалы облыстық аурухана Әлеуметтік медсақтандыру Фондының медициналық қызмет көрсетулердің жеткізушісі болып табылады. Бұның өзі үлкен жауапкершілік жүктейді. Облыс бойынша жалғыз нейрохирургия бөлімшесі жоғарытехнологиялық медициналық қызметтер көрсетеді. Бүгіндікке біз жылсайын 500-ден астам бас-ми ісіктері мен жұлындарды жою, басмидің терең тамырларына және эндоваскулярдық және тағы басқа да оталар жүргіземіз.
Мысалыға келтірсек, жүкті әйел инсульт алып, екі бригадамен ота жасадық. Біз басмиіна ота жасасақ, акушер-гинекологтар кесарево отасын жасады. Анасы мен бала тірі және аман сау.
Бір ай бұрын Нұр-Сұлтан қаласынан нейрохирург әріптестеріміз бәзге жедел түрде 83-жастағы қызылордалықты жіберіпті. Ақсақал астанада туыстарының үйінде қонақта болған кезде, өзін нашар сезінген. Астаналық мамандар МРТ жүргізіп, бас миі ісігін анықтаған. Алайда, қарияның туыстары астанада ота жасатуға бас тартып, Қызылорда қаласында адамның өмірін сақтап қалуға сеніп тапсыратын жақсы мамандардың жұмыс істейтінін біле тұра, атаны Қызылорда қаласына алып келуге шешім қабылдады. Біздің ауруханаға түскен кезде науқастың жағдайы нашар болды. Бірақ, біз әріптестермізбен бірге бұл қиын тапсырманы орындадық: ота жасап, қарияны аяғына тұрғыздық. Қаржы мәселесіне келетін болсақ, бүгінгі күнге біздің бөлімшеде бір отаға бюджеттен 1 млн. тенгеден астам бөлінеді. Бұндай қомақты ақшаны туыстар қай жерден іздер еді?
Ал енді МӘМС-дың артықшылықтарына келетін болсақ. Келесі жылдан бастап, әрбір емделген науқасқа Фондттан қаражаттар түсетін болады, яғни отаға жаратылған шығындардың барлығы Фондттан өндіріледі. Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақылары және жалпы қаржыландыру жоғарылайды. Бұл қаражаттарға көпсалалы аурухана науқастарды ұстау жағдайларын жақсартып, жаңа медициналық жабдықтарды сатып ала алады. Мысалыға, ауруханаға ультрадыбыстық сорғыш, нейромонитор, нейромикроскоп алу керек. Бұл жабдықтар жүйке жүй оталарын жасау кезінде орын алатын тіуекелдерді азайтуға және емдеу тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бұндай жабдықтардың көмегімен біз басқа да ауыр оталардың түрлерін жасай аламыз және науқастарға басқа қалалардың ауруханаларына баруға қажеттілігін жояды.
Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі де сақталатыны өте маңызды. Кепілдік көлемі пакетінде қызмет көрсетулердің нақты саны бар, мысалы: флюорография, қан анализі, кардиография, терапевттың қарауы. Бұл әр бір адамның өтетін жәй процедуралары.
- Егер де ауруханаға жатуға кезек күтіп отырған науқастың жағдайы кенеттен нашарлап кетсе, Сіздің әрекетіңіз қандай болады?
- Біз әрбір науқастың өміріне күресеміз және біздің көмегімізге мұқтаж адамдардың ешқайысысын ауруымен бетпе бет қалдырмаймыз. Бұндай науқастарға, олардың сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан, біз жедел медициналық көмек көрсетеміз. Ота жасағаннан немесе ем қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы жақсарған жағдайда, ол өзі тіркелген емханаға жолданады. Алайда, медициналық оңалту қажет ететін науқастар да бар. Келесі жылдан бастап МӘМС пакеті аясында сақтандырылған науқас өзінің статусына қарамастан, ол жеке кісәпкер ма немесе жәй жұмысшы ма, қалпына келтіретін процедураларды қабылдай алады.
- Денсаулық сақтау жүйесінде өзекті мәселелер жеткілікті. Сіздің ойыңызша, МӘМС жүйесін іске асыру барысында күтпеген жағдайлар болуы мүмкін ба?
- Қазақтарда жақсы мақал бар «көш жүре түзеледі». Бұл сөз жаңа істі ешқандай кедергілерге қарамастан бастау керек екендігін білдіреді. МӘМС іске асырылған кезде, өзекті мәселелер шешімін табады. Әрине, бастапқы кезде кедір-бұдырлар болады. Бірінші кезекте, азаматтар аталған жұйенің мәні мен мағыздылығын түсіну керек деп ойлаймын. Сондықтан, халықты МӘМС жүйесіндегі азаматтардың құқықтары туралы, ТМККК және МӘМС пакеттері туралы көбірек ақпараттандыру қажет. Дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер халықпен жұмыс жасап, осы аспекттерді түсіндіру қажет. Адамның өміріне қауіп төніп, оған шұғыл түрде ота жасау қажет жағдайда ғана науқас ауруханаға жатқызылатынын түсіндіру қажет. Басқа жағдайларда науқастар күндізгі стационарларда ем қабылдап, емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.
Денсаулыққа бірге күресу қажетігін ескерткім келеді. МӘМС көпшілікке салауатты өмір салтын жүргізуге ынталандыру беретініне үміттенемін. Темекі шегуден және алкогольдік өнімдерді пайдаланудан, дұрыс емес тамақтанудан бас тартып, отырықшы өмір салтын жою арқасында инсульттан ерте қайтыс болу деректердің 80 пайызын болдырмауға болатын еді. Асқынып кеткен ауруларды емдегеннен, оларды алдын алуы едәуір арзан болатынына келісесіз ғой.
Айгүл АХАНОВА,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
бас сарапшысы