Өмірді сақтау - борыш
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Донор болу дегеніміз - әлемге өзіңің бір бөлшегін сыйлау. Қызылорда қаласының Құрметті доноры Рүстембек Рахменов – «Біздің барлығымыз бір мұхиттың тамшыларымыз», деп санайды. Отыз жылдам астам уақыт ішінде 61 жастағы Рүстембек Сағынбайұлы шамамен 50 литр қан тапсырды.
- Рүстембек Сағынбайұлы, Сіз қалай донор болдыңыз?
- Мен мамандығым бойынша бағдарламашымын. 1970-ші жылдары техникумда оқыған кезде шай ішу, дем алу үшін достарымен қан тапсырдық. Содан кейін 80-ші жылдары қан қажет болған туыстарыма, достарыма көмектестім. 1987 жылы егіз қыздарым ауырып қалды, оларға қан қажет болды. Балалардың ауруы-теңдесі жоқ қайғы. Сол күні қанды екі рет тапсырдым. Өзімді нашар сездім, бірақ қыздарымның денсаулық үшін шыдадым, жанымды салдым. Сол кезден донорлықтың маңыздылығы мен қажеттігін жүрегіммен сездім, осы кезге дейін қанды тұрақты тапсырып жүрмін. Менің есептеуімше, осы кезге дейін 80-нен астам рет плазма, 50 литр қан тапсырдым.Мен біреудің өмірін сақтап қалдым деп үміттенемін, немесе, денсаулығының қалпына келуіне үміт бердім. Егер солай болса, онда өмір бекер емес.
- Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ауыр науқас адамға шұғыл түрде қан қажет болғанда, Сіз әрдайым көмекке келесіз бе?
- Бүгінгі таңда адам қанын алмастырушылар жоқ. Донорлық қан мен оның компоненттерінің арқасында миллиондаған адамдардың өмірі сақталады. Белгілі болғандай, аталған медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілді көлемінде қарастырылған, яғни олар әрбір қазақстандық пен шетелдік азаматтарға қолжетімді. Менің қаным екінші топқа жатады, оң резусты. Қанымды екі айда бір рет, плазманы айына екі рет тапсырамын. Егер менің қаным шұғыл қажет болса, ойланбастан, көмекке барамын.
- Жеке өзіңізге донор болғаннан қандай пайда бар?
- Біріншіден, донор болу – ол организмнің жағдайын қадағалау. Қан- ол денсаулықтың индикаторы. Қан тапсырсаң, организмді жасартып, өзіңді керемет сезінесің. Және де ең бастысы- ол қанға мұқтаж жандарға көмектесу. Мысалға, донорлық қанның препараттары гемофилиямен ауыратын науқастарды емдеуде, ірі көлемде қан жоғалтқанда, әр түрлі жарақаттар алғанда, күйіктерде, онкологиялық ауруларда және т.б. пайдаланылады. Жеке өзім сау адам үшін донорлық өмірдің қалыпты көрінісі деп санаймын. Неғұрлым көп бергеніңмен, орнына соғұрлым көп аласың.
- Қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басталуының шегінде тұр. Қалай ойлайсыз, бұл қажет па?
- Бұндай қажеттілік туындағанына мен сенімдімін. Әрине, бастапқы кезеңде медициналық сақтандырудың қалай жұмыс істейтінін және қалай көмектесетінін адамдардың барлығы түсіне алмайды. Бірақ, болашақта еліміздің азаматтары түсіне біледі және де қазіргі таңда жүргізіліп жатқан кең ақпараттық жұмыстар оған ықпал жасайды. Жақын арада бұл жаңашылдықтың маңыздылығы мен пайдалығын бағалауға мүмкіндік туындайтынына сенемін. Қайғылы оқиғалар мен аурулардан ешкім сақтандырылмаған және өкінішке орай қайғы қай жерде күтіп тұрғанын да білмейміз. Азанда өз үйінен сау болып шығып кетіп, жол-көлік және аяқ асты орын алған оқиғалардың нәтижесінде ауруханаға түсу деректері аз емес. Егер адамға қымбат процедуралары мен ота жасауы қажет болса не істейді? Жанұяда бұндай жағдайларға алып қойған қаражат болса, өте жақсы. Ал егер ондай ақша болмаса? Кімнен сұрайды? Қайда барады? Осындай жағдайларда қаражатты іздеуден құтылдырылатын медициналық сақтандыру көмектеседі және уақытылы көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде сауығып кетуге үміт береді. Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қаражаты менің қаным секілді мұқтаж жандарға көмектеседі деп үміттенемін. Қанның сау донорлары көп болуға тілектеспін!
Айгүл АХАНОВА
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
бас сарапшысы