Трамптың Қазақстан туралы айтқаны жалған болып шықты
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстан туралы айтқан сөздеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұдан алдын BusinessInsider басылымы АҚШ Қорғаныс министрінің бұрынғы спичрайтері Гай Снодграсс Holding the Line: Inside Trump's Pentagon with Secretary Mattis кітабының үзіндісін жариялаған еді. Кітапта Дональд Трамптың 2018 жылдың қаңтарында Штаб бастықтарының біріккен комитетінің Пентагонда кездесуі кезінде айтқан сөздері келтірілген.
Трамп қарулы күштер өкілдерімен кездесуде әскери шығындар бюджеті талқыланды. Снодграсстың мәліметтеріне сәйкес, Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Трамп туралы "ұзақ уақыт бойы қызмет еткен армияны мұра етіп алған" деп, президент Конгресстен өткен жылдардағы шығындардың тұрақты қысқаруына байланысты көп ақша талап ете алатынын айтып сендірген еді.
Трамп Ауғаныстан туралы сұрады, бірақ көп ұзамай министрдің баяндамасын бөліп жіберді.
"Біз шынымен өзімізге көмектеспейміз... Біз айналамызға көмектесеміз. Сіздерге Қазақстанның - өте бай ел екені белгілі. Менің соңғы сапарым кезінде олар: "О, рахмет, рахмет, рахмет" деп алғыс жаудырды. Бірақ неге олар бізге төлмейді? Неге олар күреспейді?"- деп кітапқа американдық көшбасшы сөзін басып шығарады.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті қателесіп қалғанын атап өтті.
"Трамп Қазақстанға сапармен келген жоқ. Мүмкін, ол шатастырды (Қазақстан. - Ескерт. басқа елмен)", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ президенті қателесіп қалғанын атап өтті.
"Трамп Қазақстанға сапармен келген жоқ. Мүмкін, ол шатастырды (Қазақстан. - Ескерт. басқа елмен)", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.