Қазақстанда бірыңғай бизнес-тізілім іске қосылады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының VI Съезінде «Digital Atameken» жаңа даму моделі жайлы айтылды.
«Атамекен» өкілдерінің мәлімдеуінше, Ұлттық палата «цифрландырудың көмегімен елдегі миллиондаған кәсіпкер үшін тиімді институт» болуды көздеп отыр.
«Біздің жаңа мақсатты моделіміз болады. Біз цифрлық кеңістікке қадам басып, палата қызметін барынша цифрландырамыз. Ол қызметтерді алудың мобильділігін арттырады. Мемлекеттік органдардың есігін тоздырудың қажеті жоқ, үйде немесе кеңседе отырып-ақ іс тындыруға болады. Бұл әрі уақытты да қысқартады», - дейді Палата төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Оның айтуынша, Ұлттық палата сервистерінің барлығы енді бірыңғай цифрлық платформаға салынады.
Бұдан тыс, ҰКП кәсіпкерлік субъектілерінің бірыңғай бизнес-тізілімін құрып жатыр. Тізілім мемлекеттік органдардың барлығының дерекқорымен үйлестіріледі. Бірыңғай бизнес-тізілім 2020 жылдың екінші тоқсанында іске қосылуы мүмкін.
Айта кетейік, 2019 жылы «Атамекен» 5 сатып алу алаңы мен 100 мыңнан астам тауардан құралған «Сатып алулардың бірыңғай терезесін» іске қосқан.