ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРШАМЫ
Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылығы 11 сәуірінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел тарихында елеулі орын алатын тың бастама ретінде дараланды.
– Біріншіден, қазақ тілін кезең кезеңімен латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек, - деген Н.Назарбаев, 2025 жылға қарай латын әліпбиін толықтай қолданысқа енгізуді ұсынуы мемлекетіміздің өркениет көшіне ілесуіне жол ашқандығының айқын көрінісі еді – деген бастамашы топ, шағын ауылдарда танымдық шара ұйымдастырды.
Яғни, аудандық мәдениет үйіне қарасыты «Ақжелкен» және «Асыл мұра» жылжымалы мәдени демалыс кешендері ең алдымен, Сапақ елді мекеніндегі №69 метеп ұжымы мен жоғары сынып оқушыларынын қатыстыра отырып, «Латын әліпбиі – болашақтың бағдаршамы» атты танымдық кеш өткізді.
Шағын ауылда өткен шарада латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы түсіндіріліп, ана тіліміздің тазалығын сақтау турасындағы тиімді тұстары айтылды. «Акжелкен» жылжымалы мәдени демалыс кешенінің меңгерушісі Қ.Аманова әліпбиге қатысты ой-пікірін төмендегіше өрнектеді:
– Латын әліпбиіне көшу түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, таза тіліміздің қалыптасуына жол ашады. Бұған қоса, төрткүл әлемдегі мемлекеттердің басым бөлігі латын әліпбиін қолданады. Бұл дүние жүзі елдеріне кең таралған жазу.
Жер шарында түркі тілдес туыстас халықтар да осы әліпбиді қолданып келеді. Біз де латын әліпбиіне көшсек, болашақта түркі әлемімен байланысымыз нығаяды. Яғни, латын графикасына көшу үлкен көкжиектерге жол ашады, - деді ол.
Кеш барысында мектеп ұжымы мен оқушылар бағдарламалық мақалада айтылған «Білім және тәрбие» бағытындағы шаралардың маңыздылығын баяндап берді.