ТАҢҒАЖАЙЫП КИЕЛІ ОРЫНДАР
Баянауылды Қазақстанның інжу-маржаны мен тазалықтың бастауы деп атайды. Қарттардың айтуынша, Баянауыл - қазақ халқының рухани күшінің бастауы. Құпияға толы бұл қасиетті мекенге адамдардың көзқарасы алабөтен. Баянауылға бір барған адам мұнда қайта-қайта келгісі келіп аңсары ауып тұрады. Мұнда жүздеген жылдар бойы аты шыққан қасиетті орын өте көп. Бұл өңірге әлемнің және Қазақстанның түкпір-түкпірінен қажылыққа бара жатқан адамдар келіп тұрады. Олар бұл аймақ табиғатының таңғажайып сұлулығы ғана емес, қуатты энергиясы да өзіне тартып тұратындығын мойындайды. Баянауыл тауларында мөлдір де салқын бұлақ ағады. Бұлақтың жағасын бойлай қайыңдар, қандыағаш, жидек бұталары мен қарағайлар өседі. Тастардың арасын жарып өсіп тұрған қарағайлар табиғатқа тамаша көрініс беріп тұрғандай. Қарағай мен аршаның емдік хош иісін жұтып, көлдер мен таулардың көрінісін қызықтағанда, бүкіл әлем табиғатпен үндесіп тұрғандай рахат күй кешесіз.
Драверт үңгірлері – адамның жан-дүниесіне ұмытылмастай ерекше сезім сыйлайтын қасиетті орындардың бірі. Ол зерттеуші, ғалым, профессор-минеролог Петр Людвигович Драверттің есімімен аталған. 1926 жылы ғалым Атбасы тауының маңындағы Жасыбай көлінің жағалауындағы үңгірді толығымен ашып сипаттады. Ежелгі адамдардың қабырғадағы шимай-суреттерінен олардың өмірінің бейнелейтін түрлі көріністі аңғаруға болады. Көне мазарлар мен «тастан жасалған әйелдердің» қабірлері, он метрден асатын атақты ескерткіштері сияқты Баянауылдың Драверттен басқа да қазыналары толық сипатталған. Драверт маңынан түрлі тарихи кезеңдердегі көптеген қорғандар мен тас мүсіндерді көре аласыз.
Мынау Баянауыл мұрасын зерттеу барысындағы Драверттің қалдырған сипаттамалардың бірі. «Біздің ойымызша, мұндай хат жаза алатын бұл мекеннің тұрғындары тек аң, балық аулап қана қоймай, сонымен қатар, мал шаруашылығымен де айналысқан болуы керек. Жасыбайдың жағасында оған толық мүмкіндік бар».
«Үңгірде қызыл жылтыр бояумен адам мүсінінің кескіні бейнеленген. Мұнда 15 шақты мүсінді көруге болады, - дейді Драверт. Әр түрлі кейіпте жасалған 10 мүсіннің үшеуі ер адамға тиесілі».
Петр Драверттің жазуы бойынша, зерттеушілер үңгір өлшемінің кішкентайлығына қарап, оның тіпті бір адамның тұрғын-жайы екендігіне күмән тудырған. Бұл орын ауруларды сауықтыру және дұға ету сияқты ғибадатхана орындарына арналған тәрізді. Үңгірдегі суреттер діни, сиқырлы мәнге ие. Ал көршілес үңгірлер өте кең әрі ыңғайлы тұрғын үй ретінде де қызмет ете алады. Драверт атап өткендей, олардың күмбезі адамдардың ұзақ уақыт өмір сүргенін растайды.
Бұл қасиетті үңгір ерекше күш-қуатқа ие Баянауылдың таңғажайып жерлерінің бірі. Бірақ, олардың ерекшелігі сол, жаяу аралай жүріп, қазақ халқының рухы мен моральдық тазалығы ретінде ғасырлар бойы сақталған қасиетті дүниелерді қолмен ұстап көруге болады.