ЖАС ӨРЕНДЕРДІҢ ӨНЕР КЕШІ
«Әсем күлкім балалығым, тәрбиешім даналығым» тақырыбында Манап Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйінде балғындардың шығармашылық кеші өтті. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған шараға аудандағы балабақшалардың тәрбиеленушілері мен тәлімгерлері қатысып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қатысушыларға қолдау көрсету үшін келген балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушыларына өнерлі өрендер ән мен биден шашу шашты. Концерттік бағдарламаны Серік Ибрагимовтың әніне билеген бүлдіршіндер ашты.
«Нұр Отан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы төрғасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев жылы лебізін білдіріп, ұстаздар қауымына алғыс білдірді.
Құттықтау сөзінен кейін балғындар мен жетекшілері сахна төрінде бар өнерлеріне ортаға салып, әсем әнімен, мың бұралған биімен көпшілікті тамсандырды.