ҚАЗАҚСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ БОЛАШАҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ
Өрт сөндіру саласында қызмет ете жүріп, спорттан қол үзбей, жасөспірімдерді өрттен құтқару спортына машықтандырумен айналысып жүрген азамат Бакенов Бекболат Өтеуұлы. Ол 1970 жылы туылған, 1ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған отбасының иесі. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Бекболат Бакенов өрт сөндіру қызметіне 1988 жылы келді. Содан бергі уақытта қоғам мүлкі мен адам өмірін тілсіз жаудан құтқаруда өзінің қажырлы еңбегі мен біліктілігінің жемісін көріп келеді.
Өрт сөндіру қызметі жүректілікті ғана емес, қайраттылықты, шапшаңдықты да қажет ететін мамандық. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын Бекболат кейінгі жастарға осындай өнегелі істерімен үлгі болуда.
Өзі осы спортты 15 жасынан бастады. Мектеп қабырғасынан талай жарыстарға барып, өзін тек жақсы жағынан көрсете білген, жүлделі орындар иесі – Қазақстанның спорт шебері. Ол өз бойындағы спортқа деген бар сүйіспеншілігін еліміздің болашағы жастарға үйретуде.
Қазіргі таңда Бекболат жас құтқарушылардың дайындығын белсенді жүргізуде. Оның куәсі ретінде айтар болсақ, 2014 жылы Әзербайжан елінде өткен жас құтқарушылар сайысында жалпы командалық жүлделі 3-орынды және 2015 жылдың 9-18 шілдесінде Беларусия жерінде өткен 15 мемлекет қатысқан жасөспірімдердің арасындағы 13 халықаралық сайыста жалпы командалық жүлделі 4-орынды иеленуін тілге тиек етуге болады. Сол сайыста өрт эстафетасынан 1-орынға ие болғандығы тікелей Бекболаттың балаларды өрт қолданбалы спортына жаттықөтыруының арқасы болатын.
Аталмыш команда биылғы жылы алғаш ұйымдастырылған «Қазқұтқару – 2015» жасөспірімдер арасында өткен жарыстан 2-орынды иеленді.
Б.Ө. Бакенов – өз ісінің адал шебері. Ол алдағы уақытта да бар күш-жігерін Қызылорда облысының жас өрт құтқарушыларын дайындауға жұмсайтынына сенімдіміз.