ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ «БӘРІМІЗ БІР ЕЛДІҢ БАЛАСЫМЫЗ» АТТЫ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында «Бәріміз бір елдің баласымыз» атты кездесуі өтті. Кездесуді Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы подполковник Молдақараев Сайд Шазындаұлы ашты. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
Одан соң «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы Г.Ермағамбетова «Мемлекеттік тілдің барысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы баяндама оқыды.
Сөз кезегі тілі басқа болса да, жүрегі бір, діні басқа болса да тілегі бір, ортамызда, ұжымда еңбек етіп келе жатқан өзге ұлт өкілдеріне берілді. Атап айтқанда «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ-нің қызметкері молдаван ұлтының аруы Татьяна Луца, «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ-нің құтқарушысы грек ұлтының өкілі Андрей Федосяди, Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік құпияларды қорғау тобының бас маманы, орыс ұлтының өкілі Татьяна Жигманова, Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің Өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесінде инженері, орыс ұлтының өкілі Владимир Ситников, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға өрт сөндіруші, кәріс ұлтының өкілі Виталий Хон өздерінің жүрекжарды тілектерін, мемлекеттік қазақ тілін құрметтеп, мәртебесін көтеруде қосып жүргендігі туралы айтты.
Іс-шара соңында қазақ тілінде өлең оқылып, ән шырқалды.