ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ МЕН КҮЗЕТ ФИРМАЛАРЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЙЫЛДЫ
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында облыстағы жеке күзет ұйымдары басшыларының қатысуымен кездесу жиын өткізілді. Аталмыш жиында шетелдік инвесторлар мен компаниялар арасында әртүрлі даулы жағдайларды тудыратын негативті көріністердің алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылықты, келеңсіз жағдайларды болдырмау, оны дер кезінде анықтау мәселелері талқыланды.
Жиын соңында департамент басшылығы мен жеке күзет фирмалары басшылары арасында әріптестік жөнінде өзара іс-қимыл жасасуға бағытталған меморандум-келісімдер жасалынды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Жиын соңында департамент басшылығы мен жеке күзет фирмалары басшылары арасында әріптестік жөнінде өзара іс-қимыл жасасуға бағытталған меморандум-келісімдер жасалынды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі