БАЛАБАҚШАҒА ТІРКЕЙСІЗ БЕ?
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» халықтың көп келетін орны. Бұл жерге жасы үлкен әже де жасы кіші бала да келеді. Бірі анықтама алуға келсе, бірі мемлекеттік қызмет түрін алуға, енді бірі жай ғана кеңес сұрауға келеді. Халыққа қызмет көрсету орталығының бір күні бір күніне ұқсамайды. Күн сайын өзгеріс, сәт сайын жаңалық. Халыққа қызмет көрсету орталығының тұтынушыларына бүгінгі таңда балалар да еніп отыр. Себебі мемлекеттік қызмет қатары Электронды Үкімет порталы арқылы жылдам көрсетіледі. Бүгін №3 бөлімге тағы да жас тұтынушы мемлекеттік қызмет алуға келді. Бозгулова Рания балабақшаға тіркелуге өтініш бере келіпті. Ранияның анасы Укитаева Бекзада: қазіргі балалар заманына сәйкес техникаға жақын ғой, үйде отырып компьютермен ойнайды, сондықтан бүгін өзін әдейілеп әкеліп, балабақшаны өзі таңдасын дедім, таңдауы қай балабақшаға түссе соған тізілеміз,- деп жағдайын түсіндірді. Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері Бекзаданы қуана қолдап, дереу қызмет көрсетуге кірісті. Кішкентай тұтынушы Ранияның балапан саусақтарының таңдауы «Сәулет» балабақшасына түсті. Осылайша Бозгулова Рания болашақ өмірге деген алғашқы таңдауын өзі жасады. Келешегің жарқын да сәулетті болсын, кішкентай тұтынушы Рания!