ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАС ОТБАСЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ БОЛДЫ
Қызылорда қаласында «Бүгінгі бала-ертеңгі ата-ана» атты жастармен және жас отбасылармен танымдық кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлады облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
Кездесуге Сыр өңірінде жақында ғана ашылған «Қалмұхаммед ишан» мешітінің бас имамы Нұрлан Әбжанов қатысып, жастарға Исламдағы отбасы құндылықтары, отбасын сақтаудың негізгі шарттары мен жастардың бойында болуы тиіс әдептілік, төзімділік, көркем мінез турасында уағыз-насихатын айтты.
Одан бөлек жастардың тарапынан болған сұрақтарға жауаптар беріліп, кездесуде психолог маман, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де сөз алды. Айта кету керек, жалпы өңірімізде мешіт имамдарының мекемелер мен ұйымдарда түрлі діни тақырыптарда кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізуі өз жалғасын тауып келеді.