«БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ БАУЫРЖАННЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА
«Отан үшін отқа түс күймейсің» деп Бауыржан Момышұлы айтқан ұлағатты сөзді әр кезде өрт сөндіру қызметкерлері жадында ұстанады. Еліміздің аманшылығын, түн ұйқысының тыныштығын ойлап, тілеп жүреді, дейді №2 МӨСБ бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Нұрлыбек Бошқаев.
Мақаламыздың бүгінгі кейіпкері Өртке қарсы қызмет сержанты Сейілханов Бауыржан Исатайұлы 1979 жылы 20 ақпан күні Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген, білімі орта, отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде.
Мемлекеттік Өртке қарсы қызметінде 2003 жылдың ақпан айында өрт сөндіруші лауазымынан бастап, казіргі уақытта Қызылорда қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушы лауазымында қызмет атқарып келеді.
2015 жылы «Отан қорғаушылар» күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің № 8699 2015 жылғы 4 мамырдағы Жарлығы бойынша «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «МӘҢГІЛІК ЕЛ-БОЛАШАҒЫ БІРТҰТАС ҰЛТ» облыстық патриоттар форумында өртке қарсы қызмет сержанты Сейілханов Бауыржан Исатайұлы үздіктер сапынан көрініп, «БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ» номинациясын жеңіп алды.
«БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ» номинациясы тек бізге ғана берілген баға емес, мұнда облысымыздағы барлық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбегін ескергендік десе болады», -дейді ол.
Бауыржан Сейілханов өзінен кейінгі қызметкерлерге үлгі болып, туған елі мен қоғам алдындағы азаматтық парызы мен міндетін орындаудағы үлгілі істерін, өзінен кейінгі жастарға үйретуден жалыққан емес.