Қызылордада суға кеткен жасөспірімнің денесі табылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 13 жастағы жасөспірімнің денесі табылды. Оның мүрдесі оқиға орын алған жерден екі шақырымдай қашықтықтан табылған.
«Жасөспірім достарымен бірге суға түсуге барған. Суға шомылу барысында батып кеткен. Бұл туралы хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының жедел кезекшісіне келіп түсті. Сол бойынша жедел-құтқару жасағының мамандары суға батып кеткен жасөспірімді іздестіру шараларын жүргізді», - деді жедел-құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов.
Облыстық төтенше жағдайлар саласының мамандары ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдырмау қажеттігін айтады.
Айта кетейік, жыл басынан бері тоғыз бала суға кетіп, қайтыс болды. Жалпы, биыл Қызылорда облысында жыл басынан бері 22 адам суға кетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қызылорда қаласында 13 жастағы жасөспірім суға кеткенін хабарлаған едік.