Қызылордада 13 жастағы жасөспірім суға кетті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сырдария өзенінің суға түсуге рұқсат етілмеген аумағында шомылған 13 жастағы жасөспірім суға кетті.

«Тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне салғырт қарайды. Олардың қайда жүргенінен хабарсыз. Жыл басынан бері 22 адам суға кетті. Оның ішінде тоғыз бала осындай төтенше жағдайдан қайтыс болды. Біз тұрғындар арасында қауіпсіздік шаралары жөнінде үгіт-насихат шараларын жүргіземіз. Дегенмен оған көбі құлақ аса бермейді», - деді ол.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Қызылордада бір аптада үш бала суға кеткен еді.