Нұрлан Қоянбаев мәлімдеме жасады (Видео)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстандық танымал әзілкеш, шоумен Нұрлан Қоянбаев өзінің инстаграмм парақшасында мәлімдеме жасады.
«Құрметті қазақстандықтар, отандастар, ардақты ағайын! Мен Қоянбаев Нұрлан Нұғманұлы Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тумасы ресми түрде хабарландыру жасаймын. Біз командамызбен келісе отырып шешім қабылдадық. «Бизнес по-казахский» фильмінің жалғасы болады», - дейді продюсер.
Әзілкештің бұл бейне хабарламасына оқырмандары түрлі пікір қалдырып жатыр. Бірі «Президент болайын деп жатырма десем» десе, енді бірі «Сайлауда сізге дауыс берер едім» деп ағынан жарылуда.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаевтың президенттікке кандидатурасы Орталық сайлау комитетіне келіп түспегендігін жариялаған болатынбыз.