ОСК Нұрлан Қоянбаевтың кандидатурасы туралы ақпаратты жоққа шығарды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Шоумен Нұрлан Қоянбаевтың президенттікке кандидатурасы Орталық сайлауға келіп түспеген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров ОСК кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
"Мұндай ақпарат келіп түскен жоқ. Мұны сол азаматтың өзінен сұраңыздар. Егер кез келген азамат қандай да бір қоғамдық бірлестік атынан ұсынылатын болса, Орталық сайлау комиссиясы отырыстарында қарастыратын болады",-деп айтты ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.
Еске сала кетсек, осыған дейін интернетте шоумен және продюсер Нұрлан Қоянбаев президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын.