«Пәтер жалдау қымбат болғандықтан осында көшіп келді». Астанада өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасы туралы
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек және Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаев қайғылы оқиға орнына барды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz Елорда Инфоға сілтеме жасап.

«Олар көптен бері осында тұрады. Бұрын қалада тұрған, бірақ пәтер жалдау қымбат болғандықтан осында көшіп келді. Ата-аналары жұмыс істеп, барлығы жақсы болды. Әйелі әрдайым кешке үйде болды», – дейді көршілерінің бірі.
Қала басшысы аудан әкіміне қажетті барлық материалдық, медициналық көмек көрсетуді және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектесуді тапсырды.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Қызылодадағы Наурыз саяжайында да орын алып, онда 3 бала қайтыс болған еді.