Қызылордада өрттен 3 бала қаза тапты
Қызылорда қаласының аумағындағы үйде орын алған өрттен 3 бала қаза тапты, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz қалалық әкімдіктің аппаратына сілтеме жасап.
9 қаңтар күні сағат 19:29 шамасында Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Наурыз саяжайында Махмұтов көшесі, нөмірсіз үйде өрт шыққандығы жайлы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 112 жедел арнасына хабарлама түскен.
Оқиға басына жедел жеткен төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, 1986 жылы туылған Сәдуова Жәмилә Ибрагимқызы өзінің үйінде өрт оқиғасы болып жатқандығын байқап, аталған үй ішінде балалары қалып қойғандығы туралы туысқан ағасы Наурыз саяжайы 7 көше №63 үй тұрғыны 1971 жылы туылған Айтбаев Нартайдан балаларын құтқарып беруін сұраған. Нәтижесінде, Айтбаев Нартай үй терезесін сындырып, кәмелет жасқа толмаған 2011 жылы туылған Тұрсынбек Алдияр, 2012 жылы туылған Тұрсынбек Алинұр, 2014 жылы туылған Тұрсынбек Абзал құтқарылып, түтінге улану нақтамасымен (угар) облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жедел жәрдем қызметкерлерімен жеткізілді.
Алайда, 2011 жылы туылған Тұрсынбек Алдияр, 2012 жылы туылған Тұрсынбек Алинұр, 2014 жылы туылған Тұрсынбек Абзал облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болғандығы белгілі болды.
Сонымен қатар, көмек көрсетуге келген 1971 жылы туылған Айтбаев Нартай алған дене жарақатымен облыстық медициналық орталығының жансақтау бөліміне және жұбайы 1978 жылы туылған Жалтырова Гүлнұр облыстық медициналық орталығының жасанды ауамен демалу аппаратына жатқызылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.