АШЫҚТЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН
«Нұр Отан» партиясының доктринасына сәйкес, еліміз бойынша барлық өңірлерде «Айқын тариф» жобасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Билік өкілдері мен халықтың ара қатынасын оңтайландыратын жобаның басты мақсаты - мемлекеттік басқарудың және мемлекеттік қызметтер сапасының тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, жоба ауқымы мемлекеттік басқару жүйесін барынша айқын және қоғамдық бақылаудың ашық болуын қамтамасыз етеді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тындырымды тірліктер партиясы саналған «Нұр Отан» Партиясының аталмыш жобасын жүзеге асыру мақсатында өткен аптада партияның Сырдария аудандық филиалында қоғамдық қабылдау болып өтті. Коммуналдық қызметтер негізіндегі тарифтер бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланған қоғамдық қабылдауда ауданның электр жарығын пайдалану, ауыз суды тұтыну, елді-мекендерді көркейту-көгалдандыру жұмыстары негізгі мәселе ретінде қаралды. Дөңгелек үстел форматында жүргізілген шараға партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Омаров, аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Алашбаев, «Өркен-Сырдария» ЖШС-і директорының орынбасары С.Нұртазаев, «Шиелі Жарығы» ЖШС-і Сырдария аудандық филиалы директоры Ш.Ерімбет, «Жасыл экономика» бағыты бойынша аумақтық тәлімгер О.Сейтмұратовтар қатысып, қабылдауға келушілердің мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, жаз айларында ауыз су тапшылығын болдырмау мақсатында су мұнарасын салу жоспарланғанын, қазіргі таңда керекті құжаттар дайындалу үстінде екенін айтты. Қоғамдық қабылдау барысында жедел жәрдем көліктерінің шақырған уақыттан кешеуілдеп келетіні, Майжарма каналы үстінен көлік жүретін көпір салу мен көпқабатты тұрғын үй ішінен өтетін суқұбыр жұмыстарын жүйелендіру бойынша тұрғындардың сұрақтары тыңдалып, тиісті мекеме басшылары оларға нақты жауап берді.