АҚБАЙДЫҢ ЕГІНІ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ
Ауыл шаруашылығы саласын ауқымды түрде жаңғыртудың стратегиялық бағыты азық-түлік нарығында көшбасшы болып, өндірісті алға жылжыту өнімнің экологиялық мінсіздігіне қол жеткізу міндетімен тікелей байланысты. Осыған орай, субсидиялау арқылы егілген Арал ауданы, Ақбай елді мекеніндегі алқаптарда алғашқы дақылдар жемісін беруде. Бұл туралы аудан әкімі баспасөз қызметінен хабарлады.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің дерегі бойынша, Ақбай ауылы бойынша жеке тұрғын үй аулаларында жалпы көлемі 156,1 га егіс егілді. Атап айтқанда, қауын 74 га, қарбыз 15,5 га, асқабақ 42,1 га, картоп 13,5 га және 11 га жоңышқа егілді.
Бақша өнімдеріне 2015 жылға 11 шаңырақ қайтарымсыз қаржылай көмек (субсидия) алды. Субцидия алған шаруа қожалықтардың жалпы егістік жер көлемі 54,0 га, оның ішінде бақшалық жер 43,0 га, жоңышқалық жер 11га құрады.