РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӨЗГЕРІСТЕРДІ ӨЗІҢНЕН БАСТА
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыстық аумақтық инспекциясында – Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған инспекция қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Инспекция басшысы Ж.Сарсенбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, соның ішіндегі «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы кіші бағдарламасын таныстыра отырып, «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы кіші бағдарламасы - мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрысы мен санасын өзгертуді көздейтінін атап айтты.
Жұмыс барысында инспекцияның бөлім басшылары ветеринария саласында болып жаткан оң өзгерістерге, яғни қағазбастылықтық азайып электронды жұмыс жасауға көшкенін баяндады.
Белсенді талқылаумен жалғасқан жиында инспекция қызметкерлері ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағытындағы кіші бағдарламасы аясында игі нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімді екенін білдірді.