ТАРИХИ ЖӘДІГЕРЛЕРГЕ САЯХАТ

Жас саяхатшылар одан әрі Шиелі ауданында орналасқан Оқшы ата кесенесіне барды. Қасиетті орынның таңғажайып құпиыларын қорым шырақшысы кенңінен баяндады. Аталмыш қорымда бүгінде Асан қайғы, Оқшы ата, Ғайып ата, Қыш ата секілді әруақты кісілер жерленген. Қорым шырақшысы оқушыларға әрбір бабаның есімдерінің сырын ашып, тың, қызықты ақпараттарымен бөлісті.
Балалар киелі мекеннен керемет көңіл-күйде қайтты. Айта кетейік, аталмыш саяхат аясында бүгінде арнайы видеоблог әзірленуде. Алдағы уақытта туған өлке тарихындағы маңызды тарихи-мәдени мұраларымызды өскелең ұрпаққа таныту мақсатындағы осындай тарихи-танымдық саяхаттар жалғасын таба бермек.
Айта кетейік, тарихи-танымдық экскурсияны Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Сыр елі және ХХІ ғасыр» қоғамдық қоры ұйымдастырған.


