ЖАСТАР ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ
Арал аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Ізденіс жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында аудан жастарын ауданның тарихи жерлерімен таныстыру мақсатында «Менің жерім» атты тарихи ескерткіштерге экскурсия жұмыстары жүргізілді.
Өңірдің тарихи ескерткіштеріне саяхат жасаудағы басты мақсат - жастардың танымдық көз қарасын, ой өрісін, дүние танымын кеңейту, өлкеміздің рухани тарихы мен табиғатын тану, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді ояту болып табылады.
«Менің жерім» атты өлкетану экскурсиясына барлығы 35 студент жас пен жас мамандар қатысты. Жастар бірінші кезекте, Ақирек ауылдық округі маңындағы «Арыстан Баб» кесенесіне, содан соң Аманөткел ауылдық округіндегі «Бекетай» кесенесі мен «Бәсібек» сағанатамымен танысты. Экскурсияны жүргізуші тарихи оқиғаларды, тарихи орындар жайында халық арасында тараған аңыздар туралы көптеген қызықты танымдық фактілермен бөлісті.