АУДАНДАРДА КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған негізгі бағыттарды насихаттау, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту шараның басты мақсаты болып табылады.
Осы орайда Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырып, одан әрі нығайту мақсатында Жалағаш, Сырдария аудандарының аудан орталықтарында кешенді шаралар болып өтті.
Оған облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры У. Ибраев, директордың орынбасары А.Жұмабаев, аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ҚХА құрылымдарының өкілдері, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Бір уақытта өткізілген шаралар аудандағы Қоғамдық келісім, Аналар кеңесінің кездесу шарасы, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жазғы тынығу лагерлерінде спорттық ойындардан жарыс және фокус топтың отырысымен жалғасты.