САРАПШЫ: ТҮРКІСТАННЫҢ ОБЛЫС АТАНУЫ – ТАРИХИ СЕРПІЛІС
Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан қаласы енді сөзсіз дамитын болды, деп хабарлайды 24.kz.
Ал Түркістан облысының пайда болуы – рухани жаңғыру. Бұл – белгілі тарихшы, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяғанның пікірі. Профессордың айтуынша, кезінде қазақ хандары өздерінің астанасын ауыстырған кезде, осы Түркістан қаласының маңындағы Сауран, Сығанақ секілді шаһарларға көшірген. Бұл Түркістанның тарихи маңыздылығын көрсетеді. Ал негізгі қазақ хандарының резиденциясы – Түркістанда болатын. Өйткені шаһар бір жағынан дала сахарасымен, екінші жағынан бай Орталық Азия қалаларымен шектесіп жатыр. Әрі Жібек жолының бойында орналасқан.
Бүркітбай Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
– Ресей империясы кезінде Түркістан губерниясы болған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарапынан алып қарасақ, Түркістан облысы деген атау сай келіп тұр.