МЕМЛКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауларында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, олардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңызды екенін атап, бюрократиялық тосқауылдардың мүлдем жойылу керегін атап көрсетіп отырады.
Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.
Қазіргі таңда заман талабына сай аталған жүйені жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Мемлекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халықтың мемлекеттік қызмет түрлеріне қолжетімділігін арттыру бағытында игі бастамалар жүзеге асырылуда.
Негізінен мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа бағыттары азаматтардың құқықтары мен мүддлерін қорғауға бағытталған. Осыдан 10-15 жыл бұрын барлық мемлекеттік қызмет көрсету кағаз түрінде жүргізілетін. Қазіргі уақытта барлық іс-шаралар халықтың игілігі үшін әлектронды жүйеге көшірілген. Әрбір азамат электронды қол таңбасы болса үйінде отырып мемлекеттік қызмет көрсетуді кез –келген сала бойынша ала береді. Осының барлығы мемлекетіміздің халыққа деген үлкен көмегі және халықтың санасын оятып, жаңа бағытта тәрбилеу болып табылады.
2017 жылдың «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы №528 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 267 бұйрығына сәйкес Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы департаменттерінің құзырына берді. Өтініштерді қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаменті мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біршама оң өзгерістерге ие болды.
Бұрын облыс тұрғындары Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қоюды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде жүзеге асыратын. Осы саналы оң өзгерістер мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын жақсартуға, уақытты тиімді пайдалануға жасалып жатқан жұмыстар екенін айта отырып, халықтың мемлекеттік аппаратқа деген шынайы сенімін арттыруға мүмкіндік беретіні анық.
Роза ЖИЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының білім саласындағы
бақылау департаментінің бөлім басшысы