«МИРАС» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
Қызылордада аймақтық «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Елбасы өз мақаласында әлемдік тәжірибеде, әлемдік дамуда елдік руханияттың қалыптасуында ықпал етіп, санаға өзгеріс әкелетін 100 оқулықты қазақ тіліне аударуға ерекше назар аударған болатын. Осыған орай бүгінгі күні «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген 18 оқулық облыс кітапханалары арқылы арнайы қойылған көрмеде көпшілікке таныстырылып, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.