ӨНЕР – ӨНЕГЕ БАСТАУЫ

Ауқымды шараны Алматы қаласы бойынша халықаралық байқаудың атқарушы директоры Қ.Сұлтанқызы және Қызылорда облысы бойынша атқарушы директоры, оқушылар үйінің үйірме жетекшісі А.Өткелбаева сөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қорытындысында би жанры бойынша аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Айқаракөз» және оқушылар үйінің «Жадыра», «Айгөлек» би тобы жеңімпаз атанса, ән жанры бойынша «Толғанай» балабақшасының бүлдіршіні Е.Шайман, «Сардарбек» балабақшасының бүлдіршіні А.Уәлиханова бас жүлдеге лайық деп танылды.
Топ жарған өнерпаздар алдағы уақытта шет мемлекетте өтетін фестивальге қатысатын болады.