100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚТЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ НҰСҚАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында әлемнің ең мықты ғалымдарының үздік оқулықтарын қазақ тіліне аударып, оны отандық оқу орындар бағдарламасына енгізуді тапсырған болатын. Елбасы өз сөзінде: «Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуға тиіс. Сондықтан біз 800 кітаптан тұратын үздік оқулықтардың ауқымды тізімін әзірледік. Ұлттық аударма бюросы құрылып, жұмысына кірісті. Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кітапхана. Бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қолжетімді болмақ.
Кітаптар латын қарпінде басып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алады», – деген болатын. Жаңа кітаптар баспадан шығып өткен айда кітапханаларға таратылды.
Ең бастысы, енді жаңа оқулықтардың электронды нұсқасы қолжетімді болып отыр.