КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында алдағы уақытта орындалуы тиіс негізгі 10 басым бағыт атап көрсетілген. Экономикалық, әлеуметтік тұрмыстың жағдайын жақсартуға бағытталған бұл Жолдаудың қоғамға тигізер пайдасы көп болмақ. Ең бастысы аталған міндеттер жауапкершілікпен, абыроймен атқарылуы тиіс. Бүгін Елбасы міндеттеген мәселелердің ішіндегі төртінші басымдыққа тоқталып өтейін . Яғни, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру мәселесі. Бұл тақырыптың өзін сан тарауға бөліп, жіктеп тарқата беруге болады. Мен осы саланың ішіндегі ең маңызды деген тармақтарына тоқталып өтейін.
Елбасының айтуынша, өткен жылдың өзінде еліміз арқылы өтетін жүк транзиті 17 пайызға артып, жалпы көлемі 17 миллион тоннаға жеткен. Бұл ретте Қазақстан өз территориясы арқылы өтетін трансконтиненталды дәліздің орасан мүмкіндіктерін пайдалануы тиіс. 2020 жылға таяу транзиттен түсетін жыл сайынғы табыс көлемін 5 миллиард долларға жеткізу міндеті қойылып отыр. Осы арқылы мемлекет инфрақұрылымды дамытуға жұмсалған қаражаттың орнын толтыруға тырысатын болады.
Елбасы сонымен қатар жүк қозғалысын онлайн режимде бақылауды да қамтамасыз ету керек дегенді баса айтты. Бұл дегеніміз – жүктердің кедергісіз тасымалданып, кедендік операцияларды жеңілдету үшін блокчейн секілді цифрлық технологиялардың игілігін көру. Осылайша, Елбасы айтқандай, «заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік бермек». Жолдауда Президент «Үлкен деректерді» (Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге, өсімнің резервін анықтауға және артық шығынды азайтуға жағдай туғызады. Осы мақсаттар үшін «Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет» деп атап өтті. Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу арқылы еліміздегі көлік ағынын тиімді басқарып, инфрақұрылымды одан ары жетілдіру мүмкіндіктері туындамақ. Сонымен бірге, алдағы уақытта ішкі өңірлер арасындағы қатынастарды жақсарту мақсатында автожолдар желісі жөн-деліп, оларды қайта салуға мол қаражат бөлінеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстан – тоғыз жолдың торабында орналасқан мемлекет. Еліміздің аумағын басып өтіп бірнеше ел транзиттік жүк тасымалын жүзеге асырып жатыр. Еліміз бұл тұрғыдан да геосаяси мүмкіндіктерді өзінің экономикалық пайдасына шеше алып жатса, кәнекей. Қазіргі кезде ел аумағы арқылы бес халықаралық көлік дәлізі сайрап жатыр. Олар – трансазиялық теміржол магистралінің (ТАТМ) солтүстік дәлізі, ТАТМ оңтүстік дәлізі, ТАТМ орталық дәлізі, «Солтүстік – Оңтүстік» және ТРАСЕКА дәлізі.
Осы орайда, Қытайдан Еуропаға қарай тауар тасымалдайтын дәліздерге ерекше тоқталған жөн. Себебі, Қазақстан территориясы арқылы өтетін жолдар ар-қылы аталған бағытта жүктерді жеткізу орта есеппен 12-15 күнді алса, Оңтүстік теңіз жолымен жеткізу 45-60 күнді, Солтүстік теңіз жолымен жеткізу 33-35 күнді, Транссібір магистралі арқылы жеткізу 18-20 күнді алады. Жүктерді тасымалдау кезіндегі уақыт үнемдеу – Қазақстан арқылы өтетін көлік дәліздерінің басты бәсекелестік артықшылығы болып саналады. Осыған байланысты қазіргі таңда елімізде заманауи көлік-логистика жүйесін қалыптастыру мақсатында Ин-фрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемле-кеттік бағдарламасы жүзеге асуда.
Міне, дәл осы орайда Елбасының Жолдауда атап өткен «Интеллектуалды көлік жүйесі» туралы айтқанына назар аударамыз. Министрлік те осы тақырып турасында «жүйенің компоненттерінің бірі – негізгі автомобиль көлік дәліздерінде орнатылатын арнайы автоматтандырылған өлшем құралдары (ААӨҚ), олар қозға-лыстағы көлік құралдарын байланыссыз өлшеуді, қарқындылық мониторингі мен есептеуді қамтамасыз етеді. Негізсіз тоқтатуды жояды. 2020 жылға қарай 46-ға жуық ААӨҚ іске қосылу жоспарланып отыр» деген болатын.
Ұсынылған жүйе негізгі 11 компоненттен құралған. Маманның пікірінше, автомобиль жолдары құрылысы кезінде пайдаланылатын жол активтерін басқару жүйесі, жол қозғалысын басқару жүйесі, климаттық жағдайларды болжау және талдау жүйесі, бейне-мониторинг, жолдың цифрлық диагностикасы, мультимодальді тасымалдауларды басқару платформасы сияқты құрылымдар осы жүйе аясында жұмыс істеп, көлік-логистика саласын жаңғыртуға септігін тигізеді.
Мұндай компоненттер көлік дәліздерінің тиімді жұмыс жасауына жағдай жасап, транзиттік операциялардың жүзеге асуын оңтайландыра түседі. Нәтижесінде, берілген жобаның сәтті жүзеге асуы тасымалдануға кететін уақытты одан сайын үнемдеп, Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілеттілігінің едәуір артуына жағдай жасайды.
Еліміздің логистикалық тиімділігінің индексі 2016 жылы 77-орында болған. Бұл 160 елдің арасында жеткен межеміз. Жаман емес. 2014 жылмен салыстырғанда 11 сатыға жоғарылаппыз. Алдағы уақытта да ең бастысы – кеден тиімділігін, инфрақұрылым сапасын, халықаралық тасымалдарды ұйымдастыру жеңілдігін, жүктерді бақылаудың жай-күйін, жеткізу мерзімін бірінші орынға шығарып, қойылған міндетті қалт етпей орындау қажет. Сонда табатын табыс та еселенеді, рейтингтегі бәсіміз де биіктейді. Міне, сол кезде барып сан мен сапа үйлесім таппақ.
Мемлекет 2020 жылға қарай көлік инфрақұрылымын дамытуды жетілдіре түсу үшін 28 млрд доллар инвестиция саламыз деп отыр.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Аграрлық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, PhD
Нұржан Данабек Жағыпарұлы