"ӨРЛЕУДЕГІ" САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
2017 жылы 12 сәуірде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жарық көрген еңбегі – ұлт тарихындағы жаңа бір ұлы белес, ерекше жаңалық болып табылады.
Тек жоғары білімді және рухани бай халық қана сыртқы әсерлерді дұрыс қабылдап, оған жауап бере алады. Сондықтанда мақала қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық жобалар ретінде бірқатар шаралардан тұратыны өте маңызды.
Сонымен қатар, Елбасы «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды жиырма бірінші ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы» - деген болатын. Осыған орай, Цифрлы Қазақстан бағдарламасының іске асыру мерзімі 2017 - 2021 жылдардың аралығын қамтиды.
Негізгі атқарылатын міндеттері цифрлық жібек жолын іске асыру, креативті қоғамды дамыту, экономика саласында цифрлық түрлендіру, белсенді мемлекет құру болып табылады. Яғни, Цифрлық Қазақстан бағдарламасы арқылы негізгі 4 жұмыс бағыты қарастырылады. Олар; инфрақұрылымды дамыту, адам капиталын жақсарту, экономика салаларын цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын жетілдіру.
Цифрлы технологиялардың қоғамға енуі еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастау алды деп айтуға болады. Ең алдымен білім беру мекемелері мен кеңселер компьютерлендіруге көше бастаса, көп ұзамай интернет желісіне қосылып, әлем жаңалықтарымен таныса бастады. Уақыт өте келе сымсыз байланыс жүйелері қолданысқа кеңінен ене бастады.
Қазіргі қоғамды ақпараттар ағымы жылдам дамып баратын қоғам деп атайды. Мемлекетіміз осы қоғамның көшіне ілесіп отыру керек.
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында сандық жүйеге көшу бойынша көптеген жұмыстар жоспарланып, атқарылуда. Институт базасында информатика, математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған «Робототехника негіздері» тақырыбында біліктілік арттыру курстары өткізілуде. 2017 жылы роботатехника кабинетіне 2 млн теңгеге қажетті құрал-жабдықтар алынды.
Курстың мақсаты – мұғалімдердің робот техникасы құралдарын қолдану саласында ақпараттық және техникалық сауаттылығын дамыту болып табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Қазіргі таңда мұғалім мамандығын алған жас ұстаздардың жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар. Олар өмірге бейім, жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиямен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады.
2017-2018 жылдары физика және информатика мұғалімдеріне работотехникадан 6 курс ұйымдастырылып, оған 150 тыңдаушы қамтылды.
Сонымен қатар оқытудың жаңа формасы Аралас сабақ (Blended learning) жүйесінде 3 курстар ұйымдастырылды, яғни дәрістер of-line және on-line режиминде өтеді. Барлық оқу материалдары, оқу бағдарламалары және дәрістерге байланысты барлық контенттер «Өрлеудің» студиясына дайындалып, оқыту сайытына орналастырды.
SMART оқыту бойынша №5 және №12 мектептерде эксперименттер болып, арнайы контенттер дайындалды. Сонымен бірге, облысымыздың анықталған үздік педагогтерінің бейнесабақтарын түсіріп, озық тәжірибесін интернет арқылы еліміз көлемінде тарату жүргізілуде.
Оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша педагогтерге көмек көрсету барлық уақытта біздің ауқымды міндетіміз болып қала бермек.
Жанар БЕРЖАНОВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қызылорда облысы бойынша
ПҚ БАИ инновациялық дамуды
әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы