ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БОЛАШАҚҚА БАСТАМА
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу міндетін қойды және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Бұл – болашаққа батыл қадам жасап, елімізді бүкіл әлемге танытып келе жатқан Елбасының маңызды бастамаларының бірегейі және тіліміздің болашағы үшін жасалған маңызды шара. Еді көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды.
Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде мекеменің жеке құрам қызметкерлері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбында жиын өтті. Оған Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының әдіскері Ж.Ерекешова, оқытушысы Л.Ортаева,ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде аудармашысы Д.Достанова қатысты. Облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының әдіскері Ж.Ерекешова мекеме қызметкерлеріне латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат берді. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары туралы тарқатып айтты.
Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушысы Л.Ортаева жаңа әліпбиге қатысты ой-пікірін төмендегіше қорытты:
«Елбасының латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймыз. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.
Бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз», - деді ол.
Соңында орталық мамандары жеке құрам қызметкерлерінің сұрақтарына толықтай жауап берді
А.БИТАЕВА,
ЗК-169/1 мекемесінің мемлекеттік
тілде аудармашысы
Қызылорда қаласы