ТАБЫСТЫ БОЛУДЫҢ КІЛТІ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде аударылған алғашқы 18 кітаптың бірі – Гарвард университетінің экономика профессоры Н.Грегори Менкью мен Марк Тейлордың «Экономикс» кітабы. Бұл оқулық озық елдердің маңдайалды оқу орындарында қолданылып келген ең таңдаулы ғылыми туынды.
Кітапта Экономикалық теория, Микроэкономика, Макроэкономика, Халықаралық экономика пәндерінде қарастырылатын тақырыптар берілген. Автордың бұл еңбегі бірнеше жыл бойы қолданылып келген материалдар негізінде жинақталған деп ойлаймын. Халықаралық басылым 15 бөлім, 38 тараудан тұрады. Кітап 848 беттік.
Басылымның артықшылығы теориялық біліммен бірге практикалық тұрғыда өте көп мысалдар келтірілген. Яғни, кітапта күрделі экономикалық процестер қарапайым мысалдармен кеңінен түсіндіріледі. Мұнда әр тақырып бойынша негізгі экономикалық ұғымдарға анықтама, оқытуға қажет тапсырмалар, сызбалар, суреттер, кестелер, кейстер, жаңалықтарға шолу, талқыланатын мәселелер қарастырылған. Бұл студенттердің алған теориялық білімін практикамен жалғастыруда маңызды рөл атқарады.
Кітап авторларының басты мақсаты – оқырманды экономист тұрғысынан ойлауға үйрету. Заман ағымына сай білікті кадр дайындау үшін өзге елдердің тәжірибесін қолданысқа енгізу маңызды.
Халықарылық басылым жоғарғы оқу орнының студенттерімен оқытушыларына ғана емес экономикалық білімді қажет ететін жалпы оқырман қауымғада арналған. Қазіргі уақытта еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, отандық өндірісті дамыту үшін, Елбасымыздың халыққа жолдауында айтылған Қазақстанның әр өңірінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу үшін қажетті экономикалық білімді осы оқулықтан алуға болады
Қазіргі нарықтық заманда кез-келген жеке тұлға экономикалық біліммен қамтылуы қажет. Өйткені, ең біріншіден, экономика бұл – өндіріспен байланысты барлық адамзат шаруашылығының қызметін анықтайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы ретінде қарастырылады, екіншіден, экономика бұл – жеке аймақтың, мемлекеттердің, мемлекеттік топтың және барлық дүниежүзінің шаруашылық іс-әрекеті болып табылады, үшіншіден, экономика бұл – қоғамдық өмірдің шаруашылық саласын қарастырады деп айтуға болады.
Осыған орай, басылымда негізгі экономикалық категориялар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, монополия, өндіріс, табыс, пайда, шығын, салық, жұмыссыздық, экономикалық өсу, инвестиция, ақша-несие-банк жүйесі, халықаралық қатынастар және тағы басқалар туралы айтылған.
«Экономикс» кітабы қазіргі экономикалық қатынастардың сипатын ашып көрсететін еңбек. Біз нарықтық экономикада өмір сүрудеміз. Көпшілік қауым, жастарымыз бизнеспен айналысқысы келеді, бірақ оны қалай жасау керектігін біле білмейміз. Осындай туындыларды оқысаң, әлемде бизнес қалай жүргізілетінінің қыр-сырын білер едік. Табысты бизнес жүргізгісі келетін іскер адам «Экономикс» кітабын оқу қажет.
Гарвард университеті – әлемнің ең үздік университеттерінің бірі. Демек, қазақтілді оқырмандар, Гарвард университетінде экономиканы оқытатын кітаптан білім алуға қол жеткізді. Бұл Мемлекет басшысының бастауымен қолға алынған істің арқасында болып жатқан өте оңды тірлік, деп білемін.
Халықаралық басылым өзінің мазмұндылығымен, нақтылығымен және жүйелілігімен оқырман қауым үшін пайдалы еңбек болып табылады деп ойлаймын.
Меруерт Өмірзақова,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
«Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы,
экономика ғылымдарының кандидаты