«Астана аруы-2018»: Сырдың сұлуы бірінші вице-ару атанды (фото)
«Астана аруы – 2018» байқауында өнер көрсеткен Сыр өңірінің тумасы Александра Беглова бірінші вице-мисс атанды, деп хабарлайды oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Александра Беглова Қызылорда қаласында білім алып, 2 жыл бұрын арман қуып Астанаға қоныс аударған. Бүгінде «Наз» мемлекеттік театрында биші болып жұмыс істейтін ол кешегі өткен сұлулық сайысында жеңіс тұғырынан көрінді.
Жалпы, «Астана аруы-2018» байқауына Елорданың 20 аруы қатысты. Бұл сайыста байқау жеңімпазы 17 жастағы Еркеназ Сейфолла деп танылды.
Бірінші вице-ару Александра Беглова болса, екінші вице-ару атағы 21 жастағы Сəние Мерғалиеваға бұйырды. Ал, үшінші вице-ару Диана Ыдыросова деп танылды.
Айта кетейік, «Астана аруы-2018» байқауының жеңімпазы енді «Қазақстан аруы-2018» конкурсына жолдама алды. Сонымен қатар Еуропаның бір еліне саяхаттауға мүмкіндігі бар.
Суреттер Tengrinews.kz сайтынан алынды