ҚАЛА ӘКІМШІЛІГІНДЕ КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛДЫ
Қызылорда қалалық әкімшілігінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
2015 жылғы 30 шілдеден бастап бұған дейін қала әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келген Нұржан Ахатов облыс әкімінің келісімімен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» АҚ басқарма төрайымының орынбасары лауазымына тағайындалды. Еңбек жолын қатардағы маманнан бастап, облыстық басқармалар мен облыс әкімдігінде, Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы, әкім орынбасары болып жұмыс жасаған Нұржан Сәбитұлы бұл лауазымда 2 жылдан аса уақыт бойы табысты жұмыс атқарды.
Сонымен қатар қала әкімінің 2015 жылғы 31 шілдедегі №1226 өкімімен Нұрғали Қордабай Қызылорда қаласы әкімінің қаржы және экономика салалары жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Нұрғали Рахымшаұлы, экономиканың «ерекше кезеңі» жағдайында, бюджет қаржысын тиімді әрі мақсатты жұмсау және мерзімінде игеру, салық базасын ұлғайту мәселелері бойынша жетекшілік жасайтын болады.
Қала әкімінің 2015 жылғы 31 шілдедегі №1227 өкімімен Әділбек Ерсұлтанов қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Ал ҚР Қаржы Министрлігі Мемлекеттік Кірістер комитетінің 2015 жылғы 17 шілдедегі №681 бұйрығымен Нұрлан Нұрсеитов Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.