ЦИФРЛАНДЫРУ –ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ
Елбасы өткен жылдың 13 қыркүйегі күні цифрландыру жөніндегі республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде: «... Біз тәуелсіздік жылдары ішінде әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылдық. Қазір озық дамыған 30 елдің қатарына ену міндеті тұр. Ол Қазақстаннан жаңа инновациялық дамуды және жедел технологиялық жаңғыруды талап етеді. Сондықтан, мен 2017 жылдың басында Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда Үшінші жаңғыру жөнінде жарияладым. Оның негізі цифрландыру болып табылады», – деп атап өткен болатын.
Иә, мелекеттің ендігі межесі – озық отыздыққа ену. Яғни, мақсаты айқын, бағдарламасы да дайын. Ол «Цифрлы Қазақстан» деп аталады. Негізгі 4 бағыты бар. Жаңадан жүзеге аса бастаған бұл құжаттың қауқары да қомақты.
Төрт басымдықтың әуелгісі – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамту. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама шеңберінде азаматтарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту қарастырылған.
Жоба аясында электронды сауда, электронды үкіметтің қызмет көрсетулерін сандық технологияға негіздейді. Осы бағытта Жаңақорған ауданын кешенді шаралар легі жүргізілуде.
Жаңақоған ауданы бойынша электронды үкімет порталымен жұмыс жасауды, оны пайдалануды үйрету жұмысы басталып кетті. Іс-шара аясында аудан тұрғындары арасынан 4940 азаматты 4 бағытта оқыту көзделген.
Бірінші – негізгі цифрлық дағдыларды қалыптастыру бағыты бойынша 1272 азамат, екінші бағыт – «Электронды үкімет» порталымен жұмыс бағытында 1450 азамат, үшінші – «Ашық үкімет» порталына үйрету бағытында 2018 азамат және соңғы бағыт, «e-commerce» бойынша 200 азаматты оқытумен қамту жоспарланған.
Биылғы жылдың 23 мамырынан бастап барлық елді мекендердегі аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары, 42 орта мектепте және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж базасында оқытулар жүрді. Цифрлық сауаттылық дағдыларына үйретуді тиісті семинарда оқыту курсынан өтіп келген мектеп бағдарламашылары жүргізілді.
Айта кету керек, порталдағы барлық бағыттар бойынша консультациялық және әдістемелік көмек беруде айрықша ат салысуда.
Білім беру мекемелерінде негізгі цифрлық дағдыларға және «Ашық үкімет» порталымен жұмыс жасауды оқытып, бүгінгі күнге бірінші бағыт бойынша оқытуларды толығымен аяқтады. Колледж дәріскерлері де негізгі цифрлық дағдыларға және «Электронды үкімет» порталымен жұмыс жасауды үйретуді қолға алып, бүгінгі таңға 694 азаматты оқытты.
Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Жаңақорған аудандық бөлімінің қызметкерлері екінші бағыт бойынша оқытулар ұйымдастыруда. Бөлім инспекторлары аудандағы мекеме ұжымдарын, сондай-ақ, тікелей орталыққа барған азаматтарды «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» көмегімен Электронды үкімет порталының жұмысы, оның қажеттілігі мен өзектілігі жайлы жан-жақты түсіндіру жұмыстары аясында 700-ден астам азаматты қамтыған. Аталған жұмыстар қарқынды жалғасын табуда.
Қорыта айтқанда, жаһан жұрты қазір ғарыштық жылдамдықпен дамуда. Кез келген сәтте адам ойламаған нәрселер дүниеге келіп жатады. Бұның барлығы бізден аса қырағылықты, шапшаң қимылдауды, жедел бейімделуді талап етеді.
Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінің талабы да – осы. Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы осы талаптарға сай болуымызды көздейді.
Президенттің бұл бағдарламаға басымдық беріп, өз бақылауында ұстауы мемлекет болашағының, ел экономикасын цифрландыруымен тығыз байланысты болуынан. Себебі, технология атаулыға тіл бітіргендер ғана алға озады, ал оған ілесе алмағандар шаң жұтып артта қалады.
Ерболат ШАЙДАРОВ,
Жаңақоған аудан әкімі аппаратының маманы