ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ, ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫ МЕН ЕМДІК БАЛШЫҚТАРДЫ ӨНДІРУ САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР
Құрметті салық төлеушілер! Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Камералдық бақылау басқармасы төмендегіні хабарлайды.
Жер қойнауын пайдаланушының салықтық кезеңде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады. 2018 жылдың 1-қаңтарына дейін кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру салығы және жерасты суларына арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі пайызбен есептеліп келсе, жыл басынан бері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшері негізге алына отырып есептелінетін болды.
Салық органы форматты логикалық бақылау жүргізу кезінде салық төлеушілер (салық агенттері) тарапынан кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларының өндіру салығының мөлшерлемесін есептеуде төмендегі кемшіліктерге жол бергенін анықтаған. Оларда атап айтқанда,
-салық ставкасын дұрыс пайдаланбау яғни, пайызбен есептеу;
-590.03 қосымшасын 590.04 қосымшасымен немесе салық есептілігінің басқа да қосымшаларын бір-бірімен ауыстырып толтыру жағдайлары орын алып отыр.
Соған сәйкес, Мемлекеттік кірістер департаменті алдағы уақытта салық есептілігі нысандарын дұрыс әрі толық толтыруды ескертеді.
Сонымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салықтық кезең күнтізбелік тоқсан, пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша декларация тұрған жеріндегі салық органына салықтық кезеңнен кейiнгi екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей тапсырылады және салықтың есептелген сомасы салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей төленеді.
Қ.ЖЕҢСІКБАЕВА,
Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер Департаментінің
бас маманы