«ЖҰЛДЫЗАЙДЫҢ» ЖҰЛДЫЗДАРЫ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Астана қаласында өткен ХІІІ республикалық "ЖҰЛДЫЗАЙ" шығармашылық фестивалінде Қызылорда облысы бойыша 16 өнерпаз бала қатысып, елордамыздан олжалы қайтты.
Фестивальдің мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі балалардың шығармашылығын дамыту, қоғамдағы белсенділігін арттыру, қоғамның назарын аудару болып табылады.
Қолөнер кезеңінде Қазалы ауданынан қатысушы Диас Махамбет 1-орын, облыстық оңалту орталығының тәрбиеленушілері Күнжан Сансызбай, Қанағат Қасымов 3-орынды иеленсе, Қызылорда қаласындағы №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы мектеп интернаты білім алушылары инструменталды аспапта «Көш керуен» күйін орындап 3-орын алды. Ал арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленішісі Серік Мырзалы ән айтудан жүлделі 3-орынды иеленді. Ыммен ән айтуда Алина Мұратова, Жаңагүл Қадір 3-орынды иеленіп, жақсы нәтижелер көрсетті.
Фестивальге қатысушы балалар «Барыс аренасында» Қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге ән шырқады