ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛ ТАРИХЫ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ой-толғам. Онда тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, қазақ елінің рухани даму бағыты айқындалған. Мемлекет басшысы қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екенін атап көрсетті. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады.
Аймағымызда Елбасы мақаласында айтылған «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі», «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» атты арнайы жобаларды іске асыру жоспары талқыланып, тұжырымдамалық ұстанымдар мен қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеп, зерделеуге айрықша маңыз бергені белгілі.
Осы орайда өткен жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының бірінші кезеңі жүзеге асырылып, қасиетті орындар, жәдігер ескерткіштер анықталғаны белгілі.
Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша 12 ескерткіш жалпыұлттық, тағы 35 ескерткіш өңірлік маңызы бар қасиетті орындар тізіміне енгізілді.
Бұған қоса, біздің облыста музей экспозицияларын жаңарту жұмыстары жүргізілілді. Бүгінгі күні облыстың 12 музейінде «Рухани жаңғыру» тақырыбы ескеріле отырып, экспозициялар жаңартылды. Төменде Қызылорда облысы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген 12 ескерткіштің тізімін беріп отырмыз. Алдағы уақытта осы ескерткіштер туралы материалдар тізбегін жариялайтын боламыз.
Қызылорда облысы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген ескерткіштер тізімі:
1.Бегім ана мұнарасы
2.Жанкент қалашығы
3.Жанқожа батыр жерленген жері
4.Жент қалашығы
5.Қазан богородный шіркеуі
6.Сығанақ қалашығы
7.Қорқыт ата мемориалдық кешені
8.Шірік рабат қалашығы
9.Бұқарбай батыр кесенесі
10.Төлегетай – Қылышты ата кешені
11.Қорасан ата кесенесі
12.Оқшы ата
«Кызылорда-ньюс»
Комментарии 1