БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КЕРЕК БӘРІНЕН
«Нұр отан» – балаларға» республикалық акциясына қоғамның назарын аударып, аса қауіпті аумақ теміржол өткелдерінің тиым салынған жерлерінде жүргіншілерді жол ережесін сақтауға шақыру мақсатында «Теміржол» партия филиалының, «Қызылорда ЖІІБ-нің, Қызылорда стансасының басшылығымен «Жол дистанциясы» БПҰ белсенді мүшелері рейдке шықты.
1 маусым мейрамның сын сағатында аса қауіпті аумақтардың бірі Қызылорда қаласының «Шұғыла» шағын ауданындағы теміржол өткелдерінде балалардың түсінігіне «Теміржол аса қауіпті аумақ» екендігін қалыптастырып, жолда абай болудың маңыздылығына мән берген жұмыстар жүргізілді.
Балаларға арналған ақция жақсы тілектермен құттықтау сөзбен басталып, жазғы маусымғы каникулда теміржол бойында балалардың ата-анасының қадағалауыңсыз қалмауына жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді .
Жол дистанциясы мен Қызылорда станциясы қызметкерлерінің балаларға арнайы дайындаған «Балалардың теміржол көлігінде қауіпсіз жүріп-тұруы» туралы ақпараттық-танымдылық материалдар таратылды.
Акция аясында өткен рейд балалардың қамқорлықты үнемі қажет ететіндігін, әрдайым қорғалу тиіс екендігін, бала болашағы үшін ересектердің жауапты екендігін тағы бір еске салды.