ҚАЛАДАҒЫ «АРАЙ» ЖАҒАЖАЙЫНДА АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
Қаладағы «Арай» жағажайында судағы төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
Аталмыш оқу-жаттығу Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Сүлейменовтің қатысуымен өткізілді.
Оқу-жаттығуға қалалық «Арай» жағажайының ерікті құтқарушыларынан басқа, Қызылорда облысы ТЖД, «ОӨАЖҚЖ», «Апат медицинасы орталығы» филиалы, Қызылорда облысы әкімшілігінің жұмылдыру дайындығы басқармасының мамандары қатысты.
Оқу – жаттығудың мақсаты – жағажайда суға шомылып жатқан адамдардың абайсызда суға батуы кезінде ерікті құтқарушылардың суда адамды құтқаруы және оларға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсете білуі болып табылады. Оқу-жаттығу шарты бойынша қайықтан құлаған 2 адам құтқару құрал-жабдықтарымен құтқарылды. Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар құтқару шеңбері мен Александрова ұшының (ұшына жүк байланған арқанның) пайдаланылуын көрсетті. Одан соң суда зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілуі тексерілді.
Оқу-жаттығу өз деңгейінде өтті.
Қызылорда облысы ТЖД