РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЛЫ ІС
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тұрмысы төмен отбасыларға, әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрғындарға қайырымдылық жасап, көмек көрсетті, деп хабарлады Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
Рамазан - игілік, береке, кешірім, мейірім және қайырымдылық айы. Осы қасиетті айда күллі мұсылман қауымы ауыз бекітіп, сауапты істер жасауға асығумен қатар, қайырымдылық шараларын да молынан жасары сөзсіз. Рамазан қайырымдылық айы болғандықтан бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа еселенетіні де белгілі.
Айта кету керек, аталмыш қайырымдылық шаралары рамазан айында тұрақты түрде жалғасын таба бермек.