ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД-ДЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ САП ТҮЗЕУ САЛТАНАТЫ БОЛЫП ӨТТІ
2016 жылдың 4 маусымында Қызылорда облысы ТЖД «Отқа оранған өрендер» ескерткіші жанында Мемлекеттік рәміздер күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай сап түзеу салтанаты болып өтті. Салтанатты іс-шараны Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі А.Төлешев ашып, қатысушыларды айтулы күнмен құттықтады. Ол өз сөзінде: «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Мемлекеттік рәміздер Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді». «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады»,-деді.
Аталмыш іс-шараға Қызылорда облысы ТЖД, ҚР ІІМ ТЖК ведомствалық бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік рәміздер күніне байланысты ТЖД-нің төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың мемлекеттік саясатын дамыту мен нығайтуға үлес қосқан, қызметтік міндеттерін адал орындаған үлгілі қызметкерлеріне «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» медальдары мен ведомствалық марапаттар табыс етілді.
Соңында Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы А.Төлешев барлық қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, оларға табыс, бақыт, береке, Қазақстанның гүлденуі жолында еңбек етуіне тілектестігін білдірді. Аталмыш іс-шара азаматтық қорғау қызметкерлерінің салтанатты маршымен тәмамдалды.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы