ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ
«Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысындағы жаттықтырушылардың жұмысын дамыту жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Шараның мақсаты «Аймақтық ынтымақтастық арқылы даму» бағдарламасы бойынша жаттықтырушылардың жұмысын дамыту, атқарылып жатқан жұмыстарымен пікір алмасу.
Дөңгелек үстелде «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Төлепова 2012 жылдың қараша айынан бастап 2014 жыдың тамыз айлары аралығындағы бірлестіктің жұмысымен таныстырды. Сонымен бiрге, алдағы даму жоспарларымен де бөлісті.
Қоғамдық бірлестіктің тренинг координаторы Н.Ахметханова бағдарламаны өткiзу туралы әңгiмеледi және бағдарламадағы тренинг әсерін талдады. Ол өз презинтациясын аяқтауда бағдарламаның үшiншi жылында жүргiзiлетiн қажетті тренингтерге қатысатын жетекшiлерiмен шағын пiкiрталас өткізді.
Жоспарланған тренингтің тақырыптары төмендегідей: жаттықтырушылар мен кеңесшілер үшін тренинг кітап, ұйымның қаржылық тұрақтылығы, фандрайзерлер мен еріктілерді оқыту, үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс әрекеті, бизнес және әлеуметтік мәселелерді шешу жолдары.
21 жаттықтырушы қатысқан дөңгелек үстелдің соңында шараға қатысушылар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.