ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ
2016 жылғы 03 маусымда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы облыстық байқауының іріктеу турын өткізді.
Байқауға Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласынан 18-35 жас аралығындағы жергілікті органдарда қызмет атқаратын 14 мемлекеттік қызметшілер қатысты. Байқауға Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінен Сотталғандар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы әділет лейтенанты Тәуекел Байқадам қатысты.
Талапкерлер байқауда О.Бөкейдің шығармашылығымен қоса, басқа да қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез-келген көркем және драмалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқыды.
Байқауға қатысушыларды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті және журналитсика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Абасилов Аман Мәделханұлы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және әдістемелік бөлімінің басшысы Есімова Ләззат Жұмаханқызы, Қызылорда облыстық филармония директорының орынбасары Іздіқұлова Азиза Гажденбекқызы бастаған қазылар алқасы бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша республикалық байқауға жолдаманы Жаңақорған аудандық жастар ресустық орталығының маманы Мұзарап Динара жеңіп алды.
Азиза Гажденбекқызы көркемсөзді нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыған Тәуекел Байқадамды, Еркінов Бекзатханды, Мусаимова Гулмайраны, Нурболатова Марфуғаны ерекше атап өтті.
Д.ДОСТАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің
мемлекеттік тілде аудармашысы