БАЙҚОНЫР ҚАЛАСЫНДА КІТАП КӨРМЕСІ ӨТКІЗІЛДІ
Жуырда Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің Байқоныр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелет жасқа толмаған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түріне сотталғандарды қоғамдық іс-шараларға бейімдеу және қоршаған ортамен қарым-қатынастарын қалыптастыру және рухани байлығын арттыру мақсатында Байқоныр қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп, Байқоныр қаласында орналасқан орталық кітапханасында кітап көрмесі өткізілді.
Көрмеге Байқоныр қаласына қатысты кітаптармен мерзімді басылымдар қойылды. Кітапхана қызметкерлері көрмеге келушілерге құжаттар мен кітаптардың шығу тарихы, мазмұны жөнінде мағұлмат берді. Мұнда сатылымға шықпаған, тек осы кітапханада ғана бар материалдар қойылған. Көрме сонысымен де құнды болды. Көрермендерге кітапхана қызметкерлері бос уақыттарында кітапханаға жазылып, кітапты алып оқуға мүмкіндіктері бар жөнінде айтып өтті.
Өткізілген кітап көрмесінен есепте тұрған кәмелет жасқа толмаған сотталған азаматтар жақсы әсер алды.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Байқоңыр
қалалық пробация қызметі