ЖӘРМЕҢКЕДЕ 180-НЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Облыс орталығында жұмыс жәрмеңкесі өтті. Жиырма алты мекеме 188 бос орын ұсынып, жұмыссыз қала тұрғындарының еңбекпен қамтылуына жағдай жасады, жеп хабарлады «Қазақстан-Қызылорда» арнасы.
Қала тұрғыны Жансұлу Бегалиева жәрмеңкеге алғаш рет қатысып отыр. «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу бітірген ол қазір жұмыссыз. Дипломды жастың жәрмеңкеде бағы жанды. Ол бос орын ұсынған компанияның біріне мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.
- Осы шара арқылы мен өзіме керекті жұмысты таптым. Негізгі мамандығым есеп және аудит. Есеп саласы бойынша ҚР филиалы «Силини конструктр» компаниясы мені жұмысқа қабылдады. Өте қуаныштымын. Осындай жәрмеңке жиі жиі бола берсін елімізде, - деді қала тұрғыны Жансұлу Бегалиева.
Кезекті шараға қаладағы 27 мекемеден 188 бос орын ұсынылды. Ұстаз, кеңсе менеджері, есепші, күзетші, бетоншы,аспазшы және электрик мамандықтары бойынша сұраныс болды. Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 1267 жаңа жұмыс орны ашылған. Ай сайын өтетін жәрмеңкелерден осы уақытқа дейін 2000-ға жуық адам жұмыс тапқан. Көпшілікті еңбекпен қамтуда өзіндік үлес қосып жүрген мекемелердің бірі- «Студенттік жастардың еңбек жасағы» қоғамдық бірлестігі.
- Жұмыс жасайтын жастарымыздың саны артуда. Бізде 16 мен 29 жас аралығындағы жастарды тікелей жұмысқа тұрғызып, қамти аламыз. Құрылыс жасақтары бойынша 50 жас, жасыл ел жасақтары бойынша 50 жас. Осы айда біз осыншама жасты қабылдап отырмыз, - деді «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының жоба үйлестірушісі Айдос Сәдіров.
Сонымен қатар жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және шағын несиелендіру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.