НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ҚЫЗЫҚТЫ ШАРАЛАР ӨТУДЕ
Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай, Назарбаев Зияткерлік мектебінде арнайы апталық жарияланып, түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Қазақстанның ұлтаралық келісімін арттыратын мерекенің шуағына бөленіп, мектепке келушілердің барлығы түрлі іс-шаралармен қамтылды. Тәңертеннен бастап оқушыларды арнайы ұйымдастырылған викториналармен қарсы алып, бірнеше тілде жұмбақ жасырылды. Әрбір дұрыс жауаптары үшін тосын сыйы да тапсырылды. Ең бастысы оқушылардың қызығушылығы артып, ұшқырлы ойларымен көзге түсіп жатты. Мұнан соң мерекенің негізгі бөлімі - салтанатты ашылу рәсімі болды. Тілдер туралы Заңының қабылданғанына 25 жыл толуына орайластырылған шарада барлық адамзаттың тілінің құлпы жоғалған «Вавилонның мұнарасы» туралы аңыздан қойылым көрсетіліп, қатысушылардың тілдің рөліне деген ерекше көңіл бөлу керектігі айтылды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, барлық халықтар бірнеше тілді меңгерулері тиіс. Сонымен қатар өз ана тілін де ұмытпай, қастерлеу қажет», - деп мектеп басшысы Гүлмира Мүнкеева барлық жиылғандарды тіл саясатын арттыруда аянбай еңбек етуге шақырды.
Негізінде «Үш тұғырлы тіл» саясаты Назарбаев Зияткерлік мектебінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақ, орыс тілдерімен қатар оқушылар мұнда ағылшын тіліне де тереңдетіп оқытылады. Мерекелік шарада мұғалімдер шетелдік әріптестерімен бірге Ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін үш тілде шырқап көпшіліктің жүзіне қуаныш ұялатты. «Ақсақ құлан» домбыра туралы аңызды да оқушылар ағылшын тілінде орындап, шетелдіктерді қазақ халқынының мәдениетімен таныстырды.
Айта кетейік, тілдер мерекесін тойлау апта аяғына дейін жалғасатын болады. Ұйымдастырушылар оқушылардың тілге деген құрметті арттыру, шетелдік тілдерді үйренуге баулу бағытталған көптеген іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Сабақ арасында, түскі үзілісте және басқа да бос уақыттарында оқушылар караоке айтудан жарысып, интеллектуалды сайыстарда, логикалық тапсырмаларда бақ сынайтын болады. Сонымен қатар күнделікті викториналар ойнатылып, флеш-моб тренингтер өткізіледі. Жеңімпаз командалар қала сыртындағы лагерьге аттанып шетелдік ұстаздарыммен бірге тілдік қабілеттерін арттыруға мүмкіндік алады.
Елена РЫБИНА,
НЗМ баспасөз хатшысы